Қызметі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Өңірімізді — Жітіқара және Қамысты аудандарын — әл-ауқаты жоғары, жайлы әрі қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдыруға деген ұмтылысым облыстық мәслихат депутаттығына өз кандидатурамды ұсынуымның басты себебі болып табылады.

Біздің жұмысымыздың негізінде «Әділет» партиясының басты құндылықтары жатыр: Әділдік, Отаншылдық, Жауапкершілік, Еңбекқорлық және Прогресс.

ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР ДЕГЕНІМІЗ:

Бүгінгі таңда осы бағыттардағы мақсаттарға жету үшін бюджетпен қамтамасыз етілген, өзара теңгерілген бағдарламалар жиынтығын қамтитын өңірді дамыту стратегиясын әзірлеу және оны тиімді іске асыру басым міндет болып табылады.

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. Экономика, жұмыс орындары және ауыл тұрғындарын қолдау

  • Жаңа жұмыс орындарын құру: өнеркәсіпті, шағын бизнесті және субсидияланатын бағдарламаларды дамыту есебінен Жітіқара ауданында 2 мың, Қамысты ауданында 900 жаңа жұмыс орнының ашылуына қол жеткізу.
  • Ауылдағы табысты арттыру («Ауыл Аманаты»): жеңілдетілген микрокредиттеуге және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға Жітіқара ауданында 1 млрд теңге, Қамысты ауданында 300 млн теңгеден астам қаражат бағыттау.
  • Бизнес пен өңдеу саласын қолдау: ірі кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті кәсіпкерлерге басымдық беру («Өңірлік қамту» бағдарламасы). Аудандарда 100-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуді ұйымдастыру.
  • Цифрландыру және нарықтар: шағын бизнес пен фермерлердің жаңа сауда нарықтарына шығуы үшін оларға атаулы цифрлық қолдау көрсету.

2. Жолдар, газдандыру, су және коммуналдық инфрақұрылым

  • Аудандарды газдандыру: Жітіқара және Қамысты аудандарындағы магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілерінің құрылысын аяқтауға қол жеткізу.
  • Сапалы ауыз су: екі ауданның ауылдарындағы ауыз су тапшылығы мен сапасы мәселелерін шешуге күш салу.
  • Жылу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту: Жітіқара ауданындағы жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуге және қайта жаңартуға 200 млн теңгеден астам қаражат бағыттау.
  • Автожолдар мен көшелерді жөндеу: ауданаралық жолдар мен елді мекендер ішіндегі көшелердің уақтылы әрі сапалы жөнделуіне депутаттық бақылауды күшейту.
  • Экология және «Таза Қазақстан»: 10 мыңнан астам жасыл желек отырғызу және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасын белсенді қолдау.

3. Қауіпсіздік және тұрғын үй

  • Тұрғын үй құрылысы: 40 мың шаршы метрден астам жаңа тұрғын үйді пайдалануға беруге ықпал ету.
  • Азаматтардың қауіпсіздігі: Қамысты ауданында жаңа бейнебақылау жүйелерін орнату. Өрт сөндіру деполары мен құтқару станцияларына күрделі жөндеу жүргізу.

4. Сапалы медицина және әлеуметтік қолдау

  • Денсаулық сақтау нысандары: Жітіқара ауданындағы негізгі денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен қайта жаңартылуына қол жеткізу.
  • Дәрігерлер мен мамандарды тарту («Дипломмен ауылға»): денсаулық сақтау, білім беру, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы жас мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген кредиттер мен көтерме жәрдемақылар беруді қамтамасыз ету.
  • Аға ұрпаққа қамқорлық: кешенді әлеуметтік іс-шараларды тұрақты өткізу және зейнеткерлер мен жалғызбасты қарттарға көмек көрсету.
  • Инклюзивті орта («Кедергісіз келешек»): әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын кедергісіз ортаға толық бейімдеу және мүгедектігі бар азаматтарды жүйелі түрде жұмыспен қамтуға белсенді ықпал ету.

5. Білім беру, цифрлық сауаттылық, спорт және мәдениет

  • Мектептер және қауіпсіздік: білім беру нысандарына күрделі жөндеу жүргізу. Әр ауданға мектептер мен балабақшалардағы заманауи қауіпсіздік жүйелеріне қаражат бөлу.
  • Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект: жастарға, педагогтерге және аға ұрпаққа базалық цифрлық сауаттылық, жасанды интеллект элементтері және заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдылары бойынша оқыту бағдарламаларын енгізу.
  • Спорт және мәдениет нысандары: Жітіқара және Қамысты аудандарында жаңа спорт нысандарының салынуына, сондай-ақ Жітіқара қаласындағы мәдениет нысандарының сапалы жөнделуіне қол жеткізу.

Соңғы онжылдықта өзгерістердің тиімді стратегиясын енгізудің, өндірісті жаңғыртудың және жоғары тәртіптің арқасында біздің команда «Костанайские минералы» АҚ-ны халықаралық деңгейге шығарып, әлемдік деңгейдегі компанияға айналдыра алды.

Ниетім, тәжірибем мен білімім туған өлкеме пайдалы болатынына және бірге барлық көздеген мақсаттарымызға жете алатынымызға сенімдімін. Қуатты ел қуатты өңірлерден басталады.

Сіздің дауысыңыз — өңіріміздің жарқын болашағы!